Қызмет бабында қаза тапқан құтқарушыларға арналды

465

0

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қызылорда қаласындағы «Облыстық мамандандырылған жастар мен жасөспірімдер футболына арналған олимпиадалық резерв мектебі» КММ стадионында қызмет бабында қаза болған әріптестеріміз –  А.Төлеубаевты, А.Әшірбековті және Қ.Төремановты еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спортынан  облыстық жарыс өтті.

Ішкі істер қызмет сержанттары А.Төлеубаев пен А.Әшірбеков 1997 жылғы 24 наурызда Қызылорда қаласында орналасқан «Көкөніс» қоймасында болған өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапты. Полковник Қ.Төреманов 2008 жылы Сырдария өзеніне мониторинг жүргізу кезінде тікұшақ апатынан қаза болды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру гарнизон қызметкерлері қаза болған әріптестерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, қаза болған әріптестердің туған-туыстары мен достары қатысты.    Митингті ізгі лебізімен ашқан Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов өрт сөндіруші мамандығына ие болу үшін батылдық пен қайырымдылық қасиет  және ең бастысы қызметкерлердің дене дайындығы қажеттігін атап өтті.  Жарысқа көрермен ретінде ардагерлер шақырылып, жарысты ашу алдында сөз Арғын Әшірбековтің әкесі Қазбек Әшірбекұлы мен Қазбек Төремановтың жұбайы Света Төремановаларға берілді. Олар өз сөздерінде ұжым басшылары мен қызметкерлерге шексіз алғыс білдіріп, командаларға жарыста сәттілік тіледі.

Жарыс өрт сөндіру-құтқару спортының үш түрінен: 100 метрлік жолды бағындыру, оқу-жаттығу мұнарасының қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаюдан өтті. Жарысқа өрт сөндіру қызметінің 13 өрт сөндіру бөлімінің командасы, құрамында өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысып жүрген 35 оқушы мен колледждің студенті бар Жас құтқарушылар командасы қатысты.

Жарыс өте қызықты және тартысты өтіп, нәтижесінде:

І орынды Жаңақорған ауданындағы №10 өрт сөндіру бөлімі, ІІ орынды №12 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, ІІІ орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командалары иеленді. Жарысқа қатысушылардың арасынан жақсы нәтиже көрсеткендері облыстың құрама командасы қатарына жолдама алды. Қызметкерлер жарыс соңында келесі жарыстарда жүлделі орынды иелену үшін дайындықтарын шыңдайтынын айтып, бөлімдеріне көтеріңкі күймен жол жүрді.

Жарыс қорытындысында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға  кубоктар мен мақтау қағаздары  табысталды.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<