«Қызылорда-Жезқазған» автожолын жөндеу жұмыстары қашан басталады?

351

0

«Қызылорда-Жезқазған» жолы құрылысына қаржы 2020 жылы бөлінеді. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыс барысында министрден 427 шақырым болатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолын жөндеу жұмыстары қашан басталатындығы сұралды.
«Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 4 мың шақырым республикалық маңыздағы жолдарда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оған қомақты қаржы бөлінді. Оның негізгілері арасында «Нұрлы жол» бағдарламасына енген үш бағыт бар. Ал келесі жобалардың тізіміне «Қызылорда-Жезқазған» жолы кіреді. Бұл жобаларға бюджетті 2020 жылдан бөлеміз деп көздеп отырмыз. Қазір бюджетте мұндай мүмкіндік жоқ», – деді Жеңіс Қасымбек.
Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жол учаскесін салу жұмыстарына шамамен 3 жыл кететіні айтылған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<