ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛ» ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОНЫ ӨТКІЗІЛДІ

331

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай бүгін Жалағаш ауданындағы орталық алаңда «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді.

Марафонға мемлекеттік қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты.

Марафон аясында ауданымызда дөңгелеке үстелдер, кездесулер, спорттық шаралар, автошерулер және өзге де шаралар өткізілді.

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, эстафета туы мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітапты Сырдария ауданынынан келген делегация өкілдеріне табыстады.

Сондай-ақ сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орайластырып 20 автокөліктен тұратын жемқорлыққа қарсы автошеру ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<