ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕСІН

428

0

Қазіргі ата-ана баласы Алланың атын аузына алып, намазға жығыла бастаса, кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Мұндай жәйт ата-бабамыздың үш ұйықтаса да түсіне кірмеген болар. Алайда, ғаламдану заманындағы жағдай осындай.
Бұл арада мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрғанын айтуға тиіспіз. Мамандар жат ағымдар пайдаланатын амал-тәсілдердің психикаға теріс әсері барын, тіпті кейбір жағдайда өз-өзіне қол жұмсауға дейін апаратынын растап отыр. Осыдан кейін әке-шеше сыртта жүрген баласына қалай алаң болмасын?!
Қоғамның санасын улап, жарға соққан жат ағымдардың алдын алу, жастардың діни сауатын арттыру, осылайша азаматтарды жат пиғылдылардан қорғау мақсатында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы желтоқсан айында Мадияр Серікбаевтің «Заман-ай» драмасын көрермен қауымға ұсынған болатын. Бір көрсетілімнен-ақ спектакль көрермен жүрегінен жол тапты. Аталған қойылымды «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Бақытбек Темірбеков бастаған бір топ өнер ұжымы наурыз, сәуір айларында Жаңақорған, Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарына және сол мекенге қарасты ауылдардың тұрғындарына ұсынды.
Көрермен спектакльді жоғары бағалап, қоғамға қажеттілігін тілге тиек етті. Ауылдың абыз ақсақалдары баталарын беріп, мәдениет үйлері, мектеп директорлары театр ұжымына ыстық ықыластарын білдіріп, алғыс хат табыстады.
Балтай ЖӘРДЕСҚЫЗЫ,
театрдың ақпарат бөлімінің меңгерушісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<