Жайылма қарбызы – Ресей нарығында

361

0

Жаңақорғанның брендіне айналған Жайылма қарбызының биылғы өнімі де диқандар көңілінен шығып отыр. Ала жаздай тәтті өнімді баптаған шаруалар қарбыздың алғашқы легін Ресейге жіберді. Қазақстанмен қатар көршілес Ресейде де сұранысқа ие өніммен биыл алғашқы болып Челябинск қаласының тұрғындары  дәм тататын болды.

Егіс басына келіп, диқандармен тілдескен аудан әкімі Ғалым Әміреев олардың  жұмысына сәттілік тіледі. Жайылманың қарбызын жинау әлі де жалғаса беретінін айтты.

Диқандар да биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жергілікті өнімді дер кезінде тұтынушыға ұсыну үшін барын салды. Дәрісіз, барлық талаптарды сақтай отырып өсірілген Жайылма қарбызының бағасы шаруаға да, сатып алушыға да тиімді.

Алғашқы легі Ресейге жөнелтілген Жаңақорған бренді еліміздің түкпір-түкпіріне де жеткізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<