Жолақыны смартфон арқылы төлеу жүйесі таныстырылды

387

0

Бүгін Қызылорда автобус паркінде қолданысқа енгізілетін электронды билет жүйесінің таныстырылымы өткізілді.
Алдағы күндері жолаушылар жолақысын қолдарындағы смартфондары арқылы төлей алады. 
Электронды жүйенің жұмыс жасауы мүлдем қарапайым. Бар болғаны ANDROID операциялық жүйесіндегі Play Market қосымшасы арқылы «IPAY» ЖШС-мен жасақталған OyBy мобильді көмекші жүктемесін орнатып, көмекші қосымшамен автобус салондарында орналасқан «QR» кодтар арқылы жол жүру ақысын бірліктеріңіз есебінен төлей аласыздар. Төлемдер автобус кондукторлары қолындағы қондырғылары арқылы бақыланып, тікелей автобус паркі орталығындағы экрандар арқылы сол мезетте көрінеді. 
Алдағы уақытта бұл кодтар автобус паркіне тиесілі барлық автобустар салондарына орнатылып, қолданысқа енгізіледі.
Сол секілді, смартфонсыз жолаушылар үшін жолақысын қолма қол төлем түрі де қалдырылады. Заманауи электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында ең бірінші болып қолданысқа енгізілуде. Бұл шараны ұйымдастырушылар сүйікті қаламыз Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына жасалған тарту екендігін алға тартуда. Себебі, жүйені орнатуға ешқандай қаржы жұмсалмаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<