Жосалыда жаңа автовокзал құрылысы жүргізілуде

458

0

Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков Жосалы кентінде жаңадан құрылысы жүріп жатқан автовокзалдың жұмысымен танысты.


Жосалы кентінен заман талабына сай жаңа автостанция салу үшін кәсіпкердің бастамасымен «Ақмаржан» автовокзалының құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді.


Бүгінгі таңда аудан тұрғындары мен қонақтары ауданаралық (облысішілік) маршруттар бойынша «Ақмаржан» диспетчерлік пункті арқылы тасымалдануда.


Құрылыс нысанын аралап көрген аудан әкімі жауапты сала басшыларына басталған құрылыс жұмыстарын уақытылы сапалы аяқтауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<