
Ардагер ұстаз Бекетов Қадырбек, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржаубаев Ерлан, оқушылар үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Зарипова Бақыткүл, №216 орта мектептің мұғалімі Тәжікенова Жазира, орталық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Бекетаева Роза қазылық жасаған сайыс шын мәнісінде білімнің сарқылмас қазына екендігін ұқтырды. «Жүйріктен, жүйрік озар жарысқанда. Байқау қортындысымен М.Горький атындағы №16 орта мектептің оқушысы Зұлқарнай Аяулым бас жүлдені иемденді. Барша талапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға жүрекжарды лебізін білдірді.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<