Әлшекей күйі туралы аңыз

1143

0

Ертеде кедейліктен әбден жадап-жүдеген, жастары жетіп қажыған, бір шал мен кемпір болыпты. Олардың күн көріп отырғаны жалғыз інген екен. Бір күні сауып отырған інгеннің ботасы өліп қап, кемпір-шал сүтсіз қалыпты. Ботасынан айрылып қалған інген иімей қояды.

Шал мен кемпір қаншама әуреленіп, інгеннің үрпін тартқылағанымен сүт шығара алмайды. Осылайша, өлмелі екі жан не істерін білмей дал болып отырғанда, бір күні ойда жоқта алыс сапардан келе жатқан Әлшекей мен Мұстафа екеуі бұлардікіне кеп түсе қалады. Әңгіме үстінде шал мен кемпір бұл екеуіне күн көріп отырған жалғыз түйесінің ботасы өліп, сүттен қағылып отырғандығын айтады.

Әлшекей екі сөзге келмей: «Әже, інгеніңізді қазір идіріп беремін, қауағыңыздың желініне тосып, үрпін сипай беріңіз», – домбырасының құлақ күйін келтіреді де, түйеге жақындап барып, тарта бастайды. Домбыра «рау, рау… гәус, гәус…», – деп сөйлей жөнеледі. Бір кезде кемпір түйенң иіп,үрпіне сүт келе бастағанын байқап, өзі де домбыраға қосылып, «рау, рау… гәус, гәуске» басады. Күй әсерінен шандырға айналған желін сүтке толып, қауаққа тамшылап құйыла береді, құйыла береді…

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<