Байкенжеев биігі немесе «Ақбаян» әні өмірге қалай келді?

3597

0

«Әкем ән өнерінің биігінде әлі тұр.Тұра да бермек. Бір «Ақ баянның» өзі халық жүрегінде мәңгілік қалды. Демек, оләні барда көптің санасында бола береді». Әбсұлтан ағамен кездескенімде осылай дегеніесімде қалыпты. Бексұлтандай композиторды дүниеге әкелген Жаңақорған жеріндегісапарда даңқты музыканттың ұлымен бір уақ әңгімелесудің сәті түскен еді…

Бек­сұлтанБайкенжеевтің қазақ ән өне­рінде өзіндік орны бар. Еңбек жолын туған жеріндегіаудандық мәдениет бөліміне қарасты автоклуб меңгеруші болып бас­тағанкомпозитор ән шығарудан бөлек, драма үйірмесінің белсенді мү­шесі болды.Көптеген пьесаларда басты рөлде ойнап, көрермен көңілінен шыға білді.

Қосүйеңкідегі қарапайымқой баққан қазақтың ұлы өнер десе ішкен асын жерге қоятын. Оқушы кездеинтернатта жүріп, домбыра шертіп, баян аспабын үйренген оның ән әлеміне қанатқағуы осы кезден басталды. 

Сәл кідіріс жасап,компо­зи­тордың шығарма­шы­лық жолына тоқ­тал­­мастан бұ­рын «Ақбаян» әнініңшығу тарихын айтсақ. Осы әнді Сырдан шыққан сыршыл әнші, марқұм Мә­динаЕралиева орындап, әннің атауы әншінің екінші есімі болып кетті. «ҚазақтыңАқбаяны» атанған Мәдина­ның бағын ашқан осы әнді Бексұлтан институтқабырғасының бірінші курсында жүріп жазғанын біреу білсе, біреу білмес.

– Бірінші курста оқыпжүр­генде Қармақшының Ақжар ауылында туып-өскен, филология маманды­ғында қатароқыған Баян деген апайдың ту­ған күніне тарту болған ән еді ғой бұл. ӘкемӘбдімәлік Сыз­дықов деген досына өтініш айтып, әннің сөзін жаздырып­ты. Ол кезстуденттердің қалта­сы таяз уақыт, үлкен сыйлық апа­руға мұрша қайда? Туғанкүнге сый етіп, әкей осы ғажайып ту­ын­дыны дүниеге әкеліпті. Қы­зылорданың«Шанхай» деп ата­латын шағын ауданында бас қосқан кешкі сауықта ән тұңғыш рет орындалады.Бұл 1968 жылы болған, – дейді композитордың ұлы Әбсұлтан аға.

«Ақбаян» – бар болғаныбір сағатта туған ән. Әбсұлтан ағаның әкесінен естіге­нінің ізімен айт­сақ,әнді алғаш орындау сол кез­де М.Мәметова атындағы пе­да­гогика училищесінеоқуға енді ғана түскен Қазалының «са­ры қызына» бұйырыпты. Бұл «сары қыз» кейінқазақ жұртына белгілі болған Мәдина Ералиева екен. Туған күн кешінде Мәдинаныңорындаған «Ақбаян» әні кейін радио арқылы Сыр бойынан асып, республикаға тезтарады. Бір сөзбен айтқанда, әншінің елге белгілі болуының бір сыры – әншығарушы композитордың еңбегінде еді.

– Марқұм Мәдина апамызел­ге келгенде әкеме соқпай кет­­пейтін. «Мәдина атымды ел ұмыт­қалы қашан,мені жұрт Ақбаян атап кетті ғой» деп күлетін. Әкем осы тұңғыш әні­нен кейін«Жеңешем», «Ақ­шол­­пан», «Ақ гүлім», «Аққу» сияқ­ты әндерді жарыққа шы­ғар­ды.Институт бітірген соң өмі­рінің соңына дейін аудан орталығындағы Әлшекейатын­дағы өнер мектебінің директо­ры болып, қызмет істеді. Ән жазып қанақоймай, көп шә­кірт тәрбиелеп кетті, – дейді Әбсұл­тан аға.

Ол жүзден аса әнжазған. Көбісін елге белгілі әншілер орындады. Қазақстанның Халық артисі ЗейнепҚойшыбаева, ҚР еңбек сіңірген артисі Мә­ди­на Ерали­ева, сондай-ақ СуатӘбу­сейітов, Венера Қармы­сова, Люция Төлешова, өзінің шәкірттері, мәдениетқайрат­кері Сауран Елеуов, Әбдірейім Өміров, Дүй­сенхан Сыздықов, ОразғалиБидашов Бексұлтанның әндерін көпшілікке танытуда көп еңбек сіңірді. Айтпақшы,Бексұлтан жаз­ған әндердің көбі­сіне «ақ» сөзі («Ақбаян», «Ақшол­паным», «Ақгүлім» «Аққу», т.б.) арқылы тақырып қойылса, оның бар сыры анасының есімі Ақнұрболуында жатыр. Ұлының айтуынша, әнші-композитор кө­біне-көп әндерін анасыныңқұр­метіне, сонымен бірге қазақ әйелдерінің сұлулығына арнаған сияқты көрінедіде тұрады.

1968-1972 жылдарыН.Го­голь атын­­дағы Қызылорда пе­дагогика­лық инсти­тутының му­зыкафакульте­тін бітірген Бек­сұлтан облыс орталығын­дағы «Сыр сұлуы», «Нұргүл»ән-би ансамбльдерінің құрамында жү­ріп, Еуропа елдерінде, рес­публикақалаларында болып, өнер көрсеткен. Бірнеше рет одақтық фести­вальдардыңлауреаты атанды, түрлі дип­ломдармен марапатталғаны тағы бар. 

Бексұлтан Байкенжеевал­дыңғы буын Мүлкәман Қалау­ов, Тәңірберген Қалауов, Құлахмет Нәлтаев сияқтыұстаздарынан дәріс алған. Ал өзінің әріптес-досы Өмірбек Марсалиев екеуі 30жылдай дуэт болып ән шыр­қапты.

Бір қызығы, композитор1993 жылы 7 мамырда, яғни, қай­тыс боларынан үш күн бұ­рын өзінің нағашысы,ақын, бел­гілі қаламгер Адырбек Со­пы­бе­ковтің сөзіне жазылған «Са­ғыныпжүрші» әнін өмірге әкел­ген. Өзі де тым асығыс кетерін сезгендей, сөзді тезарада жаздырғанға ұқсайды. 

«Жазбады ауруымды емшідемі,

Көңілім одан әрікөншімеді,

Жанымды түсінетін өзіңекен,

Сағынып, айналайын,жүрші мені…»

Осы бір соңғы шумақтыөзінің қалауы­мен жаздырған Бек­сұлтан ән нотасын сөзімен бірге қағазғатүсіріп, сиясы кеп­пеген күйі «Сыр бойы» га­зеті редакторы Әс­кербекРахымбекұлына табыс­тапты. Тіпті, өзінің үлкен суретін сыйлас ағасына беріптұрып, «Аға, осы әнді кеше ғана жаздым. Газетке бассаңыз екен» деп қайта-қайтатапсырған көрінеді. Ал ертеңіне атақты композитордың қайтпас сапарға аттанғаныжөнінде суыт хабар жетті. Әскербек аға інісінің аманатын орындап, Бексұлтанжайлы кең көлемді толғанысқа толы мақала жазды.

Өзім әңгімелескенӘбсұл­таннан бөлек, композитордың Гүлнәр есімді қызы мен тағы бір ұлы Ермекмұғалім болып қызмет істесе, Дәулеткерей мен Дәурен музыка саласында тер төгіпжүр. Бексұлтан аға­ның жары Шәрбану анамыз бү­гінде Нұр-Сұлтан қаласыныңтұрғыны. Отағасының шаңы­рағын шайқалтпай, ұл-қызын тәрбиелеп, немере қызығынкөріп отырған құрметті әже. Өнерлі отбасының қазақ отбасына тән қасиеттіқалыптан таймай көпке үлгі болып келе жатқанына осылай куә болып қайттық. Аләке ұстаған баянды сызылта тартқан Әбсұлтан Бексұлтанұлы ЖаңақорғандағыМ.Көкенов атын­дағы мәде­ниет үйінің жанынан ашыл­ған Бексұлтан Байкенжеевшы­ғар­машылық өнер мекте­бінің жетекшісі. 30 жылға жуық әке әндерін халыққанасихаттау жолында тер төккен ұлдың аузынан естіген сөзді қаз-қалпында қағазғатүсірдік. Расымен, Бек­сұл­тандай ардақты тұлғаның ән өнеріндегі биік қалпынқұлатпай келе жатқан осындай тамаша туындылары қазақпен бірге жасай береді.

 

Ержан ҚОЖАСОВ,

Жаңақорған ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<