Кітапханаға кітап сыйла!

3197

0

Білімді деп оқығанды, кітаптан, жазбалардан өзіне тоқығанды айтамыз. Мұндай рухани бай жандар көп арамызда. Ең бастысы, жастар да бұл дүниені жете түсініп келеді. Олар оқуға, жақсыға ынтық.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада  «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын ұйымдастыру да солардың идеясы. Күні ертең олар облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен және «Кітап құрттары» клубының қолдауымен жанына жақын кітабын осында сыйға тартпақ. Өзгенің де соны парақтап, қонымды деп тапқанын көңіліне медет тұтуы үшін, білімін одан әрі арттыруы үшін.

Ең қымбат сый осы емес пе?! Сіз де келіңіз, жастар сізді осы тағылымды шарада сүйіп оқыған кітабыңызбен бірге күтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<