Күнделік жазасыз ба?

1565

0

Күнделік жазу – әр күніңіздің бастауы. Жыл жаңарған сайын алға қойған арман-мақсаттарыңыздың толықтай жүзеге асырылуы барысында жоспар құратыныңыз белгілі. Сол арқылы жұмыстың тиянақты орындалуын қадағалай аласыз. Ол үшін қойын дәптер мен қаламсаптың болуы аздық етеді. Болашақта атқарылатын істер мен ұстанымдарға белгілі бір уақыт жүйесінің тигізер әсері зор. Сол арқылы жыл өткен сайын өзіңіздің қаншалықты табысқа жеткеніңізді бағамдайсыз. Әр ісіңізге есеп беріп, сол жөнінде өзіңізге сұрақ қоюдың да өзіндік ерекшелігі мол. Осы ретте күнделік жазудың 8 ережесін ұсынғым келеді:

1.  Ең алдымен, қойын дәптеріңізді ашқан кезде амандасыңыз. Ол сіздің және айналаңыз­дағы адамдардың көңіл-күйінің көтеріңкі жүруі үшін маңызды. 

2.   Міндетті  түрде айдың атауы, күннің реті берілуі тиіс

3.   Әдемілеп жазуды үйреніңіз. Әр сөз бен сөйлем арасында байланыс болуы керек. Бұл сізді белгілі бір тәртіпке үйретеді.

4.  Бір бетті ұсақ-түйек ұстанымдармен, артық оймен толтырмаңыз. Себебі, сіздің жүйкеңізге тиюі мүмкін.

5. Мүмкіндігінше досыңызға, құрбыңызға көрсетпеуге, құпия ұстауға тырысыңыз. Себебі, ол сіздің жеке күнделігіңіз.

6. Әрбір жазған, атқарылуы тиіс жұмыстарыңыздың тез арада бітуін қадағалаңыз. Бүгінгі біткен жұмыс ертеңгі сіздің жемісіңіз болуы бек мүмкін.

7.  Ішіңізге сақтап жүрген, ешкіммен бөліскіңіз келмейтін сырды жазып қоюдың өзі артық етпейді. 

8. Жоспарыңызды жазып болған сәттен түрлі-түсті стикермен немесе қарындаштармен безендіру маңызды. Ол сіздің эмоцияналды адам екеніңізді көрсетеді.

Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<