Мақтан, қазақ!

458

0

Қазақ – тауы мен тасы тұлпарларының тұяғымен ғана тапталған Ұлы даланы мекен еткен халық.

Тарихының тамыры тереңде жатқан, дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған, өнерін өміріне тең еткен, ұлын нарға, қызын арға балаған қасиетті халық.

Дарқандығын даласымен өлшеп, өткірлігін найзаға, қайсарлығын қылышқа теңеген, ел шетіне жау тисе, бөріктісі мен етектісі қатар атқа қонған намысты халық.

Көшпелі өмірдің көшін бұзбай, күллі жер жүзіне тың жаңалық таратқан дана халық.

Тағдырдың талай талқысынан бірлігі мен берекесін, абыройы мен арманын, жүректегі иманын қаз-қалпында қорғап, өз ұрпағына халық.

Ұлан-байтақ жеріңмен, есеңді бермес еріңмен, тап-таза тарихыңмен, туған тіліңмен, иманды жүзіңмен, жылы жүрегіңмен, дарқан көңіліңмен, ғибратты өміріңмен, саналы ұрпағыңмен, қазыналы қартыңмен, ылсым табиғатыңмен мақтан, қазақ!


Жанита КАЛИЛАЕВА,
ҚМУ-дың 1-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<