Мeйірімді мeзeт қуанышымызды eсeлeсін

640

0

Наурыз – ке­ремет мезгіл ме­зеті, алғыс айту күні, аналар ме­рекесі, көрісу күні, жыл басы – бәрі де наурыз айында. Бұл айда адам ғана емес, күллі жаратылыс иесі жаңғырып, шат-ша­дыман күйге бө­ленеді.

Құрметті Сыр елі халқы, әр­біріңіздің қуа­нышыңызды еселеп, жер мен көкті нұрлан­дырып жеткен Наурыз мере­кесі бар­шаңыздың отбас­тарыңызға тыныштығы мен бере­кесін ала келсін.

Табиғат ананың күллі тіршілікке мейірім танытқан мезеті сіздерді мол ырысқа, зор табысқа кенелтіп, амандық-саулық сыйласын.

Дүниені дүрліктірген дерт келмеске кетсін, алдағы өміріміз тек бақыт нұрын төксін.

Тәуелсіздік кезеңінде еліміз ұлан-асыр жетістіктерге жетіп, хал­қы­мыздың әлем алдындағы беделі бекемделіп келеді. Тарих біздің осы биік тұғырымызды аласартпасын, ұжданды ұрпағымыз Мәңгілік елдің иесі болсын.

Сиыр жылы сыйлы жыл болсын, ақсақал­дарымыздың батасы айт­қандай, ақ мол болсын, ұлыс оң болсын!

Сағатбек СҮЛЕЙМЕН,

облыстық Соттар әкімшісінің басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<