Оқшы ата кесенесі жайлы не білесіз?

1766

0

Оқырманға Оқшы ата кесенесі туралы ақпаратты ұсынамыз. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан.

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Кесене “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасы аясында “Жалпыұлттық қасиетті нысандар” тізіміне енген.

Мазардың ұзындығы-7,15м, ені-7,10м, маңдайшасының биіктігі-4,80 м, қабырғасының биіктігі- 3,30 м, күмбез биіктігі- 3,35 м.Сыр өңіріндегі киелі орындардың бірі Оқшы ата мазараты. Оқшы ата мазаратын халық кейде «жеті әулие» деп те атайды.

Бұл Оқшы атаның есімімен тікелей байланысты. Оқшы атаның азан шақырып қойған есімі Көгентүп, кейбір деректерде Ибраһим болған делінеді. Оқшы ата – халықтың қойған есімі болса керек. Оқшы ата туралы зерттеушілердің бірі фольклортанушы, ғалым Әуелбек Қоңыратбаев Оқшы атаны «Қорқыт ата» кітабының басты кейіпкері болуы оның тарихи тұлға екеніне дәлел бола алады деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, оны оғыз-қыпшақтың ханы Қазан Салордың батыры әрі қару-жарақ соғатын шебері деген деректер келтіреді. Оқшы атаның өмірден 1043 жылы өткендігін және өзінің аты берілген мазаратта жерленгендігі туралы қорытынды жасаған. Сонымен қатар, Оқшы ата түркілер арасында исламды насихаттаған діндар адам болды деген деректер бар.

Бұл жер ХІҮ ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқты кесенесін Ақсақ темір салғанға дейін осы Оқшы ата жері ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі-қыпшақтардың Бекзат азаматтары жерленген пантеон болған. 2006 жылы кесенеге республикалық бюджет есебінен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.Сонымен қатар, ескерткіш туралы толығырақ Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы берілген арнайы сайттан (www.virtualmap.xyz) қарауға болады және нысан туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында QR-код орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<