«Роман & Драма» журналы жарыққа шыға бастады

924

0

Бүгінгі заманда не көп, әртүрлі салаға бейімделіп шығарылып жатқан мерзімдік басылым көп! Әрине, әрқайсысы өзіне тиесілі міндетті атқаратыны бесенеден белгілі. Басылымды қай кезде де көпсінуге болмайды.


Дей тұрсақ та, осы кезде көптеген әдеби-мәдени басылымдарда поэзия мен прозалық шығармаларға молынан орын беріледі де, ал әдебиеттің тағы бір елеулі жанры – драматургияға көңіл аударылмай жатады. Көп жағдайда драматургия – ол театр үшін жазылған дүние ретінде қабылданады. Алайда, драматургиялық шығарма мәтін түрінде де оқылымды бола алатыны ескерілмейді.


Міне, осындай олқылық­тардың орнын толтыру үшін биылғы жылдың қаңтар айынан бастап «Роман & Драма» атты әдеби-көркем журнал шығарыла бастады. Мұнда әр нөмір сайын бір прозалық және бір драматургиялық шығар­малар жарияланып отырады.


Бұл басылымның тағы бір ерекшелігі – тек қазақ қаламгерлері ғана емес, сонымен бірге шетелдік, әсіресе түркітілдес елдердің прозашылары мен драма­тург­терінің төл туындылары жарияланады.
Журналдың бас редакторы – Сыр елінің перзенті, жазушы-драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлы.


Журнал айына бір рет, қазақ және орыс тілдерінде шығады.


Жаңа журналдың ал­ғашқы екі нөмірінде белгілі қаламгерлердің туын­ды­ла­ры жарық көрді. Оған де­­­меушілік жасаған – «Қал­­дан-Жәлден» қайы­рым­­ды­­лық қоры.
Алдағы уақытта қазақ қалам­герлерінің прозалық және драматургиялық жаңа туын­дыларын күтетін боламыз.


«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<