Сыр жастарына құнды сыйлық

991

0

Кеше облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығында» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қазақ тіліне аударылған 100 кітаптың таныстырылымы өтті.

Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, ҚР өнер қайраткері ақын Серік Ыдырыс және бір топ жастар қатысты. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы Назерке Нұрлыбек сөреге қойылған жаңа кітаптармен таныстырды. Айта кетейік, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бұған дейін жастармен кездесуде аталған орталыққа жаңа кітап бұрышын ашып, оған 100 жаңа оқулықты алдырту туралы ұсынысын қабылдаған еді.

− Облыс әкімі жастардың ұсынысын орындады. Жастар орталығына келген «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең жақсы деген оқулықтары. Қазақ тіліне аударылып, елге ұсынылған құнды кітаптар аймақ жастарына да жетті. Себебі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі мақсатының бірі – жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, қоғамдық сананың өзгеруіне жол ашу, − деді Мира Қазбекова.

Басқарма басшысы Сыр жастарына құнды оқулықтарды тарту еткен «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлына, «Кітап құрттары» оқырмандар клубының жетекшісі Талғат Меңдібаевқа алғыс білдірді. Шара соңында ол жастарға жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын сыйға тартты.

Гүлбану МАҚАЖАН,

 «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<