Қаржы орталығының қызметі қалыпты

411

0

Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қар­жы орталығының қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқық­тары мен мүдделерін қор­ғау, сондай-ақ, сауда және ин­вестициялық ын­ты­мақ­тас­­тық салаларындағы жұ­мысының негізгі қоры­тын­ды­лары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қар­жы орталығының құры­луы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бір бөлігі еке­нін атап өтіп, жүктелген міндеттерді тиімді орындау қажеттігін айтты.

Қайрат Келімбетовтің ақпараты бойынша Орта­лық­та барлық қажетті инфра­құрылым, соның ішінде «Ас­тана» халықаралық қар­жы орталығының соты, Ха­лық­аралық арбитраж ор­та­лығы, қаржылық қыз­мет­терді реттеу жөніндегі және халықаралық биржа комитеті орналасқан. Тараптардың әлемнің кез келген нүктесінен «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының соты мен Халық­аралық арбитраж орталығына электронды түрде талап арыз беруіне  мүмкіндік туғызатын Еjustice – онлайн-порталын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне елімізде инвес­тициялық ахуалды жақсарту үшін жасалған жағдайдың арқасында Қазақстанның қар­жы орталығы GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексіңде әртүрлі 102 ха­лықаралық орталықтың ішінде 51-орынға көтерілгені туралы ақпарат берілді.

Соңында Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын одан әрі дамытып, ілгерілету үшін бір­қатар нақты тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<