Қайраткерге құрмет

359

0

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі зор. Мұны әлем де, отандастарымыз да әлдеқашан мойындаған. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде барлық сектор бойынша Қазақстан әлемде азуын айға білеген мемлекеттермен қатарласты.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асы­рыл­ған ірі стратегиялық жоба­лардың бірі – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» ма­гистральді газ құбыры жобасы. Ұзындығы 1000 шақырымнан асатын құбыр Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарын кесіп өтіп, ұлан- байтақ атыраптың оңтүстік өңірлерін газдандыруды мақсат етті. Бүгінде аталған жобаның шарапатын көріп, көгілдір отын көңілдерін жылытқан қаншама отбасы алғысын білдіруде. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанының өзі Елбасының бастамасымен қолға алынды. Бұл күнде сол дәліз жолдың бойында түрлі сервистік қызмет көрсету нысандары ашылып, бірі кәсібін жандандырса, бірі тұрақты жұмысқа қол жеткізді.
Өзім газ саласының ардагері болғандықтан, осын­дай өрелі істердің басы-қасында болдық. Жұрт­шылықтың көз қуанышына айналған жобалардың куәсі­міз. Тұғыры биік туған елдің өсіп-өркендеуі жолында тер төккен тұлғаның елге сіңірген еңбегі ерен. Халқымызды осындай жетіс­тіктерге жет­кізгені үшін Елбасына алғыс білдіремін. Меніңше, тұтас мемлекеттің дамуына атсалысқан жанның есімімен бір қаланың атын атау жарасымды. Елдік пен ерліктің, асқақтық пен биіктіктің нышанындай Сарыарқа төсін­дегі самалды өлкенің негізін қалаған да өзі болатын.
Ол – түркі әлеміне ортақ «Мәңгілік ел» идеясын ұсы­на отырып, мемлекет да­муы­ның стратегиялық жос­парын жасаған қайраткер. Тәу­ел­сіздік жылдарында қа­­­был­­­данған саяси шешім­дер­дің маңызын түсініп, барынша сергектік та­нытқан Ел­­­басының көре­генділігі жай­лы дәлелдер өте көп. Сон­­­дықтан да Нұрсұлтан Назар­­баевтың сіңірген еңбе­гін мақтанышпен айтуымыз керек.

Саттар ПІКІРБЕКОВ,
ҚР газ саласы ардагерлер кеңесі Қызылорда филиалының директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<