ЕАЭО елдеріндегі өзара сауда көлемі 30% артты – Нұрсұлтан Назарбаев

435

0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 процентке артқанын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алғашында мұны (ЕАЭО – ред.) Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы тығыз экономикалық байланыс ретінде жоспарлағанбыз. Украинаның да осы қатарында боларына үміттенгенбіз. Өкінішке қарай, күткеніміз болмады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы сауда өсіп келеді: өткен жылы, мәселен, шамамен 30 процентке өсті. Қазақстанда – 29 процент (ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемінің ұлғаюы – ред.), Ресеймен сауда көлеміндегі өсім – 30 проценттен асты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Бірінші арнадағы»«Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында.
Мемлекет басшысының айтуынша, ЕАЭО арқасында тауарлардың ортақ нарығы, капиталдың ортақ нарығы және еңбектің ортақ нарығы құрылды. «Негізгі сәттерге келер болсақ – энергетика мен мұнайдың ықпалдасуы: 2019 жылдан бастап – электр энергетикасының, ал 2025 жылдан бастап – мұнай мен газдың ортақ нарығы (ЕАЭО-да – ред.) құрылады. Жалпы мерзім осындай, бірақ шын мәнінде мұның барлығы қазірден бастап дамып келеді. Сол себепті, бұл жағдайда ықпалдастырылған бірлестіктерге деген қажеттіліктің туындап отырғаны – заңдылық», – деді Қазақстан Президенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<