Экспромт кездесу өтті

1327

0

Алдағы өтетін саяси науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырып, партияның бағдарламасын халық алдында түсіндіріп, жаңадан жасалған жоспарлы жұмыстар туралы тұрғындармен бөлісу мақсатында «Nur Otan» партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде Жанат Көланова мен Алтынкүл Құрақбаева «Arzan» маркетінде экспромт кездесу өткізді.


Кездесу барысында кандидаттар партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасындағы басым бағыттарды айтып, ел-халыққа үгіт жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардан түскен талап-тілектерге түсініктемелер берді.


«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Партияның мыңдаған мақсаттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы орайда ауданымызда 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 93,5 пайызға жеткізу жоспарда бар», – деді кандидат Көланова Жанат.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы

Қазалы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<