Кәсіподақ өкілдері байқаушы болады

990

0

Байқаушылармен жұмыс және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық штаб жетекшісі Жандос  Тұсмағамбетов «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сағитжанұлымен және салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті.

Жиынға қатысушылар сайлау процесінің ашық және әділ өтуін бақылау туралы пікір алмасты. Сайлау күні қоғамдық ұйымдардың байқаушыларынан бөлек, кәсіподақтар орталығы 240 сайлау учаскесіне 681 өкілін байқаушы ретінде қатыстыруға ниетті.


Одан бөлек, кәсіподақ жұмыс берушілердің саяси науқан кезінде жұмыскерлерге қысым жасамауын қадағалайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<