Әлеуметтік жағдай төмендемеуі қажет

291

0

Сейсенбіде облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Онда 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі қаралды. Облыс әкімі Гүлшара Әбді­қа­лықова елімізде жария­ланған тө­­тенше жағдай кезінде жедел ше­шім­дер қабылдау қа­жеттігін айтты.

«Баршамызды корона­вирус­тың таралуы алаңдатады. Бұл жағдайды әлемдік эконо­микалық дағдарыс, азық-түлік бағасының тоқтаусыз өсуі секілді келеңсіз жайттар одан әрі ушықтыра түсуде. Әрине, бұл қиындықтар біздің өңірді айналып өтпейтіні анық. Біздің ендігі ортақ міндетіміз – осындай сын шақта ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев және Үкіметпен жүктелген тапсырмаларды мінсіз жүзеге асыру. Облыс халқын бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларымен қам­та­масыз ету мақсатында Өңір­лік тұрақтандыру қорын бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыруға жергілікті ат­­қарушы орган резервінен 105,8 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға 720 тонна азық-түлік қоры сатып алынды. Әрі қарай тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, қиын кезең­де әлеуметтік жағдайды төмен­детпеуге жұмыс істеуіміз қажет», – деді облыс әкімі.

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бюджеттік бағ­дар­ламасы бойынша негіз­гі азық-түлік өнімдерін қамта­масыз етуге және бағаны тұрақ­тандыруға, сондай-ақ коро­на­вирус індетін алдын алу мақ­сатында облыс әкімінің резервіне қосымша қаражат бөлінетін болды.

Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты елімізде 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы қабылданды. Бұл құ­жат әлеуметтік маңызға ие, ха­лықты еңбекпен қамтуға, жұ­мыс­сыздықтың алдын алуға бағыт­талған. Бағдар­ламаны өңірде іске асыру үшін жоспарланған қаржының бір бөлігін қаржылық несие ретінде беру мәселесі шешімін тапты.

Айта кетейік, облыстық мәсли­­хаттың кезектен тыс сессиясы бейнебайланыс арқылы өткізілді. 

«СБ» ақпарат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз