Нұрсұлтан Назарбаев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгеріс енгізді, – деп хабарлайды Ақордаға.
“Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту жүйесін және көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<