Назарбаев Путинмен Сириядағы ахуалды талқылады

381

0

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады. Сонымен қатар, телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болғаны айтылады.
Айта кетейік, АҚШ, Ұлыбритания және Франция 2018 жылдың 14 сәуірінде Сирияның үкіметтік нысандарына зымыран соққыларын жасаған. Осы елдердің пікірінше, бұл нысандарда химиялық қару өндірісіне қолданылады. Бұл елдер Сирияға 100-ден аса зымыран соққысын жасаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<