Ортақ мүддеге әрбіріміз жауаптымыз

1323

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, еліміздің жаңа экономикалық бағдары негізделуі тиіс басты жеті қағидатының бірі – жеке кәсіп­керліктің жетекші рөлі аталды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту – өнімді жұмыспен қамтуды арттыруда ерекше мәнге ие. Осы орайда біздің аймақта да жұмыссыздық,  жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуда қолға алынатын шаралар бар деп білеміз:

«COVID – 19» әлемді өзгертті, еңбек нарығына да өз түзетулерін енгізді, шағын бизнестің дамуына кері ықпал етті.

Тұрақты дамудың негізі – бәсекелестік пен жаппай кәсіпкерлікті насихаттау жұ­мыстары баяу жүргізілуде. Халыққа қол­же­тімді несие беруде әлі де ашықтық жеткіліксіз.

Қазіргі таңда жастар және әйелдер еңбек нарығына мониторинг жасау, қашықтан жұмыспен қамту жағдайына SWOT талдау жүргізу, тұрақты жұмыс орындары санын арттыру, ауылдық жерлердегі қызмет көрсетулер мен кооперацияны кеңейту, микрокредиттеуді дамыту арқылы қолдау шараларын жалғастыру, кластерлік жүйені, SMART-технологияларды тәжірибеге енгізу міндеттері ерекше маңызды.

Қоғамның өркендеуі мен дамуына қай ел болса да ұмтылып, дүрмектен қалғысы келмейді. Демек, ендігі жерде Президент Жолдауының толық қуатталып, ел ішінде насихатталуына жәрдемдесе отырып, ортақ мүдде Тәуелсіз Қазақстанның баянды болашағы үшін жұмыс жасау – біздің әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

Гүлшат МҰСАЕВА,

Қорқыт ата атындағы университеттің

аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<