Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

3277

0

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова партияның құрылған күні және Алғыс айту мерекесінде партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, бірқатар белсенді азаматтарды «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен  марапаттады.

Партия қатарын өнеркәсіп, білім, денсаулық, мәдениет, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері толықтырды.

Филиал төрағасы алдымен Тәуелсіз қазақ мемлекетінің саяси сахнасында жиырма екі жыл бойы қызмет жасап, елмен бірге дамып, жасасып, заман талабына сай жаңарып, жаңғырып келе жатқан партияның мерейлі мерекесі кезекті тарихи меже ғана емес, маңызды белес екенін атап өтті.

– Бұл тұрғыда партия «Өз­герістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ­дарламасы арқылы еліміздің болашағы үшін өзіне үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Біз ортақ іске жұмылған жұдырықтай кіріскенде ғана қуатты, демократиялы әрі бәсекеге қабілетті, жаңаша жаңғырған Қазақстанның жарқын болашағын жасай аламыз. Бірлігіміз бен жетістігімізді бағалау арқылы берекеге қол жеткіземіз. Ынтымағымыз арқылы ғана ырысымыз артатынын ешқашан ұмытпауымыз қажет. Барлық партияластарды  елдік биік мақсат пен халықтың игілігі жолында аянбай еңбек етіп, отанымыздың күш-қуатын еселей түсуге шақырамын, – деді Гүлшара Наушақызы.

Жаңадан партия қатарына қосылған Мақсат Дауылбай өзінің ризашылығын жыр шумақтарымен жеткізді.

Айта кетейік, облыста 239 бас­тауыш ұйымына топтасқан 44147 партия мүшесі бар. Салтанатты шарада 15 азамат партия қатарына қабылданып, 3 азамат «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, 3 азамат «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<