Партияішілік іріктеуге 200-ден астам үміткер құжат тапсырды

887

0

Бүгінгі күнге партияішілік іріктеуге қатысуға облыс бойынша 226 үміткер құжат тапсырып, олардың 141 кандидат ретінде тіркелді.

Құжат тапсырған 226 азаматтың 56-сы әйелдер, оның ішінде 5-уі көп балалы ана. 40 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар сондай-ақ, 3-е ерекше қажеттіліктері бар азаматтар. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 92 азамат ұсынылса,134 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «NurOtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова мәлімдеді.

Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады.

Құжаттар 2020 жылдың 17 тамызынан бастап қабылдануда. Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар, партиялық емес, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер де жіберіледі.

Қалай қатысуға болады:
1 қадам. Егер партия мүшесі болмасаңыз, «Nur Otan» партиясына кіру;
2 қадам. «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелу. Тіркеуді primaries.kz сілтемесі арқылы немесе Google Play және App Store-дан жүктеп алуға қолжетімді «Primaries» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады;
3 қадам. Өтініш беру және қажетті құжаттарды сайтқа немесе қосымша арқылы жүктеу;
4 қадам. Өзінің онлайн өтінімін растау үшін үміткер аумақтық ұйымдастыру комитетіне жеке өзі келуі тиіс.

Сондай-ақ, өтінімді аудандық партия филиалдары (ұйымдастыру комитеттері) мекен-жайы бойынша жеке ұсынуға болады:

Өтінімдер 2020 жылғы 17 тамыздың 9.00-ден 29 тамыздың 18:00-ге дейін қабылданады.

Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі – 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.
7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар партияның ресми аккаунттарында таратылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<