Праймериз – мол мүмкіндіктер бастауы

1076

0

«Nur Otan» партияcы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі, ашық, әділ және айқын негізде партияның мықты көшбасшыларын анықтаумақсатында республикалық көлемдепраймериз өткізуде.


«Nur Otan» партияcы праймериз өткізуге үлкен дайындықпен келіп отыр. Себебіпраймериз Елбасы бастамасымен партия жұмысын қайта жандандыру мақсатында 2019 жылы қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі болып табылады.Бағдарлама аясында партияның ядролық электораты болып табылатын бастауыш ұйымдар мен партия жанындағы түрлі бағыттағы комиссиялар мен кеңестердің жұмыстары жетілдірілді.


Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы біздің өңірімізде партиялық резервке үміткерлер арасында іріктеу алғаш рет Сырдария ауданында пилоттық режимде өткізілді.


Бұл партияішілік іріктеу жұмыстары бізге нақты ұсыныстары бар талантты азаматтар мен өңірдің өзекті мәселелерімен таныс жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге пилоттық жоба партия мүшелері арасында үлкен қызығушылықтуғызды.


Аталған жобаға Сырдария ауданы бойынша 47 үміткер қатысты және оның өту барысы туралы аймақтағы барлық партия мүшелері мен белсенділері толық ақпарат алды деп есептейміз.Себебі жоба былтыр пилотты түрде өткенімен барлық үміткерлер бір бірімен өзара ашық пікірталасқа түсіп, өздерінің бағдарламасы арқылытұрғылықты жері, онан бөлек өңірдегі күрделенген мәселелермен нақты таныс екенін көрсетіп, әрі олардың шешілу жолдарын ұсынып партияластар алдында үлкен сенімге ие болды. Биылғы дүбірлі додаға олардың жартысынан көбі бақ сынауға құжат тапсырып отыр.


Осы жерде атап өту керек, бұл праймеризге тек партия мүшелері ғана емес, партия қатарына қосылып, еліміздің дамуына үлесімді қосамын, – деген барша сырбойылық азаматтар үшін жаңа мүмкіндік туып отыр.


Праймериз арнайы бекітілген Ереже талаптарына сай өткізілетін болады. Әрі үміткерлерді ұсыну мен тіркеуге кезеңінің де аяқталуына бар жоғы 1 апта ғана уақыт қалды. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, барша жерлестерді праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!

Алтынбек Жарылқасынов,

«Nur Otan» партияcы

облыстық филиалы төрағасының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<