Венесуэла президентіне қастандық жасалды

348

0

Венесуэла президенті Николас Мадуроға қастандық жасалды. Мемлекет басшысы сөз сөйлеп тұрған кезде мінбеге қарай жарылғыш зат лақтырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиға Каракас қаласында жаңа ұлттық ұланды жасақтауға байланысты өтіп жатқан шеру кезінде болды. Николас Мадуро аман-есен. Ол бірден қауіпсіз аймаққа жеткізілді.
Жергілікті биліктің айтуынша, қастандық алдын ала жоспарланып, жарылғыш зат алыстан бақыланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды ұйымдастырушы топтың кейбір мүшелері ұсталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<