Ағайынды қоңыр қаз

989

0

Бір кездері Аралдың бір қиы­рындағы шағын ауыл – Қаратереңнен ағайынды Шә­кірат, Шәкізат атты қос аза­­мат білімге аттанды. Бірі – Қы­зылорданың пед­инс­ти­тутына, екіншісі – Каз­ГУ-дың журна­листика фа­ку­ль­тетіне. Бір ға­жабы екеуі де бас­пасөз сала­сында ұзақ жыл еңбек етті. Аға Шәкірат тоқсаннан асты, ал Шә­кізат аға арамызда жоқ. Көзі тірі болса, биыл тоқсанға келер еді. Амал қанша?! Тағ­дыр бізге аға жайында ес­телік жазуды бұйыртты.

ҚР ҰҒА корреспондент-мү­­­шесі, журналист, ғалым Ба­уыр­жан Омаров бір әңгіме­сін бы­лайша бастаған еді:

– Бала Шәкізат еңбек жо­лын Қазалы, Қармақшы ау­дан­дық га­зеттерінен бастады. Туған жер­дің табиға­тын, құ­лазыған Арал­ды тамсана, те­бірене жаз­ды, Арал балық­шыларының өмі­рін, жан дү­­­ниесін Шәкең­дей жазған жур­­­налистер кемде-кем. Ба­лық­шылар әулет­теріне те­бі­­ренді. «Менің замандас­та­рым», «Қос қайық», «Өңір тол­­қындары» атты очеркті оқы­­­саңыз, балықшылар ауыл­­ына сапар шеккендей бо­ла­­сыз».

Біз білетін Шәкең «Социа­листік Қазақстан» газетінде Ке­ңесбай Үсебаев, Әзілхан Нұр­шайықов, Жекен Жұма­за­новпен қызметтес, ал Бал­ғабек Қыдыр­бекұлы, Нұрға­зы Шәкеев, сонан соң майтал­ман журналист Сей­дахмет Бер­діқұловпен КазГУ-да курс­­тас болды. Сейдахмет Шә­­­­кең­нің ірі денесіне қа­рап «До­балдай» деп әзіл қа­ғыс­ты­­ратын. Баяғының па­луан­­­да­рын­дай келбетті аға әлі көз ал­ды­мызда емендей биікте тұр.

Қарымды қаламгер өмі­рінің соңғы жылдары жұмбағы көп тылсым дүниелерге қа­лам тербеді. «Айнұр ару», «Белбеу мен шапалақ», «Ат үс­тіндегі операция», «Мә­риям шөп» атты дүниелер жазды. Сонымен бір ғана «Мә­риям шөп» атты дү­ниесін ой­ға оралтайықшы. Бұл эссе жанры тұрғысында жазыл­ған.

Бала кезінде біреуден Мә­риям шөбінің қасиеті жөнінде әңгіме естиді. Ол шөпті қолға түсірген адамның айы оңынан туады-мыс. Кез келген кісінің  денесіне ол шөпті тигізсең, тіле­гіңді бірден орындайтын көрі­неді. Ал енді ол шөпті қайдан таппақ? Бұл шөпті табу үшін тостаған ба­қаның мекенін іздеу керек. Әр айдың басында бақа біт­кен ол шөпті жинап алады екен. Сөйтіп, бойына күш-қуат дарытатын көрінеді. Мі­не, оқиға осылайша одан әрі өрби түседі. Шәкеңнің «Қо­жақ» деген әңгімесі Ұлы Отан со­ғысы жылдарында Ерназар атты азаматтың өмірінің қиын сәт­терін қызықты баяндайды.

Біз Шәкеңмен біраз жыл қызметтес болдық. Азаматтың сырбазы еді. Тағдырдың сан алуан соқпағына ұшыраса да, бойын тік ұстап, болаттай шымыр келбетімен бәрін сабырға жең­дірумен болды. Талай жердің дәмін татты. Қазақ баспасөзінің қара ша­ңырағы – «Социалистік Қа­зақстанның» аппаратында он бес жылдайеңбек етті. Ақтөбе облысындағы мен­шікті тіл­шісі қызметінде бол­ды. 1978 жылы облыстық «Ле­нин жо­лы» газетіне қызметке ауыс­ты. Содан газеттің бас шта­бы атанған жа­уапты хат­шы лауазымын ат­қарып, зей­нетке шықты. Екі мәр­те Қа­зақстан Журналистер ода­ғы сыйлығы лауреаты бол­ды, кө­­лемді дү­ниелер жазды. Очерк­­терін жұрт­шылық ықы­ласпен қабылдады.

Бас редактор Нұрділдә Уә­лиев: «Біз Шәкеңнің аға­сы Шә­кі­ратпен бірге оқы­дық. Сырлас, сыйлас болдық. Шәкізат ұзақ жыл жауапты хатшы болды. Га­зеттің маке­тін түрлендірді. Қа­ламақы сая­сатын үлкен жа­уап­кер­ші­лікпен жүргізді. Жігіт­тің сыр­базы, сырын сыртқа ал­дыр­майтын нар тұлға еді» деп жазды.

Біз Шәкеңмен қатарлас бөл­­меде отырдық. Өз өмірі­нен қы­зықты әңгімелер ай­тып, думан­датып отыратын. Бірде Шәкең Қы­зылорда вок­залында екі бір­дей жолау­шы­ны кезіктірсе керек. Екеуі ұзақ жолға шыққалы тұрған жолаушы апалы-сіңлілі кісі көрінді.

– Жай тұрсыздар ма?

– Аға, билет болмай, вок­залда түнегелі тұрмыз. Бұл қалада танысымыз жоқ.

– Жүріңдер, біздің үйге. Екі жолаушыны таксилетіп, үйі­­­не қондырып, ертеңіне шы­­ға­рып сал­ғанын, түн бойы әң­гі­ме­лес­кенін баяндағаны бар.

Тағы бір эпизод.

Шәкеңнің бөлмесінде те­мір  сей­фі болды. Іші толған әр­түрлі зат. Жібек орамал, қа­лам­сап, әтірдің түр-түрі, ба­лалар ойыншығы, т.б.

– Шәке-ау, мына затта­рыңыз не, үйдегі жеңгемізге сыйлайтын заттарыңыз ба? – дейміз.

– Ой, Қайреке-ай, кеңсеге келмейтін адам жоқ. Қыз-ке­ліншектерге осы заттардың бірін қолдарына ұстатып, шы­ға­рып саламын. Қуыс үйден  құр шықпа дейтін қазақ емес­піз бе? – деп қарап тұр.

Қалқабай Әбенов пен Шә­кеңнің әзіл-қалжыңы бар еді. Бір күні саяжайда Шәкеңді жылан шағып алды да, ау­руханаға ауыр халде түсті. Қа­лекең ауруханаға суыт бар­ды.

– Не болды, Шәке?

– Жылан шағып алды ғой, Қалеке.

– Ту-у, соны да әңгіме деп. Біз сол жыланға шақтыра алмай жүрміз ғой, Шәке. Жы­лан уы медицинада ем деген бар, – деп  құшақтағаны бар.

Біз күні кеше ғана ара­мызда жүрген, пәни дүниенің орал­майтын кемесімен са­пар шеккен Шәкізат, Қази, Оразбек, Өтеген, Жақсылық, Әскербек, Айжарықтарды жиі еске алып отырғанымыз аб­зал.

Сонымен Шәкізат аға жа­­­йында аз-кем сыр ағыт­қан­дай болдық. Нені ұмыт қалдырдық. Баспа­сөз са­ла­сында тер төккен, туған жерді ұшқыр қаламымен жырлап өткен азаматқа лайықты құр­мет әлі де жетіспей тұр. Қаламгерге бір көшеге есі­мі берілсе артықтық ет­пес еді. Тұрған үйінде ес­керт­­кіш тақта қойылса, ол алыс­­тан жарқырап тұрса одан әрі жарасары ақиқат. Бұл ұсыныс аяқсыз қалмайды деп білеміз.

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,

Қазақстанның құрметті журналисі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<