«Ол батыр атағына лайық». Рақымжан Қошқарбаев туралы фильм түсіріліп жатыр

990

0

Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Замандастары бірнеше рет әділет орнатқысы келгенмен жылдар бойы оның есімі көлеңкеде қалды.

Ресейлік режиссер Константин Харалампидис және Рақымжан Қошқарбаевтың немересі ардагердің ерлігі туралы тағы еске алу мақсатында кино түсіріп жатыр. Бұл туралы TengriMIX жазады.

Константин Харалампидис «Ұлы Отан батырлары: Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Болатов» деректі фильмін шығаруға дайындалып жатыр. Ұзақтығы 50 минут болатын кино 1945 жылғы 30 сәуірде Берлиндегі Рейхстагта болған оқиғаларды баяндайды. Кинолентаның мақсаты – советтің екі батырының Жеңіс туын тіккенін көрсету ғана емес, сондай-ақ Рақымжан Қошқарбаевқа Ресей батыры, ал Григорий Болатовқа «Халық Қаһарманы» атағын алу.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<