14-қабаттан құлап мерт болды

448

0

Павлодарда жасөспірім бала 14-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 қыркүйек күні Павлодар полициясына 18:00 мен 19:00 аралығында Назарбаев даңғылы №50 үйдің 14-қабатынан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткендігі туралы хабар түсті. Жасөспірім ұл бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған» деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Керекті сараптама жұмыстары белгіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<