2020 жылдан бастап Қазақстанда ОЖСБ өткізілмейді

44

0

2020 жылы Қазақстанда оқу жетістіктерін сыртқы бағалау (ОЖСБ) жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада министрлік алқасының кеңейтілген отырысында хабарлады. «2020 жылы ОЖСБ өткізу процедурасын тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Жоғарғы оқу орындарына академиялық еркіндік берілгендіктен, ОЖСБ өткізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Биыл бас тартқымыз-ақ келді, бірақ ол үшін заңнамалық нормалар қабылдануы керек. Биылғы қарашада информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі және философиядан соңғы ОЖСБ өтеді деп үміттенеміз», – деді Е. Сағадиев. Сонымен бірге, министр биыл педагогикалық мамандық түлектерінің ұлттық біліктілік тестілеуінен өтетінін жеткізді. «Бұл модератор санатын иеленіп, жоғары жалақы алғысы келетін түлектерге қатысты. Диплом алуға еш әсерін тигізбейді, бірақ болашақта барлық педагогикалық мамандық түлектеріне ұлттық біліктілік тестілеуінен өту міндеттеледі. Мұны міндеттеуден бұрын кең ауқымда талқылау жүргіземіз», – деді ол. Айта кетейік, бұған дейін министр волонтер-студенттерге қанша теңге төленетінін түсіндірген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз