283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

191

0

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16-20 қаңтар аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды анықтау, тұрақты тұратын және уақытша тұратын шетелдіктерді тиісті есепке алуды қамтамасыз ету болып табылды.

Аталған іс-шараға департаменттің Көші-қон қызмет басқармасы және Жергілікті полиция қызмет басқармасымен барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды.
Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабына сәйкес 30 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен 5 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<