3 сәуірде ауа-райы қандай болады?

100

0

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман түседі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде – тұман, жел күші 15-23 м/с болады.

Атырау облысында, Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының бірқатар аудандарында шаңды дауыл тұрады, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде – тұман, күндіз жел тұрады, жылдамдығы- 15-22 м/с.