35 жастағы қызылордалық жеңгетайлықпен айналысқан

193

0

Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жеңгетайлықпен айналысқан 35 жастағы, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғынды құрықтады, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

«Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Егер күдіктінің жасаған қылмысы дәлелденсе, сот шешімімен мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – делінген хабарламада. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<