9 жыл мәдениет басқармасын басқарған Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

249

0

Болат Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды», – делінген «Жастар» театрының Facebook желісіндегі парақшасында.  Бұл мәліметті, елордалық әкімдік баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева да растады.  Мажағұловтың Facebook желісіндегі парақшасында әлеуметтік желі қолджанушылары шенеунікті жаға қызметке тағайындалуымен құттықтап жатыр.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<