Аймақ басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады

314

0

Облыс әкімі Facebook әлеуметтік желісінде ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді 5 қазан – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Егемен елімізді өркениетке бастар жолда бәсекеге қабілетті білікті маманды, мықты тұлғаны, елжанды азаматты қалыптастыратын ұстаз.

Мектеп баласынан бастап барша азамат мұғалімнен өнеге алған. Дана ой иелері де, қоғам қайраткерлері де Сіздердің алдарыңызда бас иеді.

Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Мен үшін мұғалім бәрінен де қымбат, мұғалім – мектептің жүрегі» – деп ұстаздардың қоғамдағы орнын ерекше атап өткен.

Еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамытушы ұлағатты ұстаздар – Сіздердің бар жағдайларыңызды жасап, қолдау көрсетуге қай кезде де дайынбыз.

Биыл бюджеттен бөлінетін қаржының басым бөлігі білім саласына бағытталуда.

Облыста жыл соңына дейін 4 мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 21 мектеп салынады. 10 мектептің құрылысы басталды. 11-і келесі жылы бой көтереді.

Облыс орталығында физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты, Оқушылар үйі салынуда. Бала тасымалы мәселесін қолға алып, 30 автобус қазір оқушыларға қызмет көрсетуде.

Алдағы уақытта да қасиетті мамандықтың туын түсірмей, ел келешегінің үкілі үмітін жалғайтын ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі абыройлы міндеттеріңізді адал атқара беретіндеріңізге сенемін.

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы жолындағы еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Мереке құтты болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<