Алдашбай ахун ауылында су құбыры іске қосылды

554

0

Бүгін Алдашбай ахун ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Су қабылдайтын құрылғыны қайта құру» жобасын іске қосу салтанаты өтті.

Аталмыш іс-шараға қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыл тұрғындарының 100 пайызы (128 үй) таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетінін айта келе, ел игілігіне бағытталған жаңа жобаның іске қосылуымен құттықтады.

Сондай-ақ, дәл осындай жобалардың құрылысы аудандағы Т.Көмекбаев, Қармақшы ауылдық окрутерінде де іске асырылып жатқандығын айтты.

Одан соң, аудан басшысы Ел Президентінің жарлығы аясында ауыл халқымен еркін форматта кездесу өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

Сонымен қатар, ауданда атқарылған ауқымды жұмыстар мен Алдашбай ахун ауылында іске асырылатын жаңа жобаларды таныстырды.

Атап өтсек, биылғы жылы Алдашбай ахун ауылындағы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, аудандық бюджеттен ауылдың электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту, 3 көшені орташа жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге, сараптамадан өткізуге қажетті қаржылары қаралып отыр.

Қармақшы ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<