Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

253

0

Синоптиктер  3-5 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
«Алдағы 3 тәулікте антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы және температураның көтерілуі күтіледі», – делінген хабарламада.  Сонымен қатар 5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз плюс 5-13°С-қа, оңтүстікте плюс 20-28°С-қа дейін жылынады. 4-5 сәуірде батыстың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, найзағай кезіндегі екпінді жел және температураның аздап төмендеуі күтіледі екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<