«Алтын сапа»-2019: өтінім қабылдау басталды

269

0

«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлер арасында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлыған иеленуге арналған байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Байқаулар мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау және нарықты сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық тауарлармен молықтыруға атсалысу.

Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды.

Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2019 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтына электронды нұсқада өтінім жіберу керек.

Байқауларға қатысушылардың рәсімдеу Қағидаларына сәйкес рәсімделген байқау материалдары (есептер), таныстырылымдар және байқауға қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауы (байқаулар сайтынан қарау керек) өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе электронды түрде www.altynsapa.kz сайтына жіберілуі керек.

Байқаулар бойынша толық ақпаратты ресми сайттан және мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7172) 919-388

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы «Алтын Сапа» байқауында үздік кәсіпорын атағына алуға 182 шағын, орта және ірі бизнестің өкілі «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» сынды 4 аталым бойынша қатысты.

Atameken.kz 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<