Apple оқушылар мен студенттерге арнап iPad шығарды

296

0

Танымал Apple корпорациясы Чикагода оқушылар мен студенттерге арналған жаңа iPad планшетін таныстырды. Жаңа iPad-тың сырты көрінісі осыған дейінгі өнімдеріне ұқсас. Apple Pencil арқылы жұмыс жасауға болады, яғни сурет салуға немесе мәтінді белгілеу үшін арнайы қаламын қолдана аласыз. Ipad-тың салмағы 450 грамм шамасында. Ал батареясының қуаты 10 сағатқа жетеді екен. Камерасы – 8 МП, сондай-ақ Touch ID қызметі де бар. Өткен жылғы нұсқасынан бір айырмашылығы – процессоры күшейтілген. А9 чипінің орнына А10 Fusion чипі орнатылған. Сондай-ақ, студенттер үшін iCloud жады 5 ГБ-тан 200 ГБ-қа дейін ұлғайтылған.

Студенттер мен оқушылар үшін жаңа iPad-тың құны – 299 доллар (95 479 теңге), ал сатып алушылар үшін 329 доллар (105 059 теңге) болмақ. Ал, Aplle Pencil-дің құны 89 және 99 доллар болмақ.

Массагет.кз сайтынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<