Апта ағымында

4

0

Фото: «AMANAT» партиясы

«AMANAT»: Сайлауалды бағдарлама аясында 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы Жаңақорған ауданында әлеуметтік жағынан осал топтарға арнап салынған 80 пәтерлік 40 тұрғын үйдің кілті табысталды. Салтанатты шараға Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Атап өтейік, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар 5 мыңнан астам жаңа пәтерге қоныстанды. Кейінгі үш жылда, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы саны 1777 пәтер алғаш рет барлық аудандағы жерлестерімізге табыс етілді.

«Шиелі-Тайқоңыр» автокөлік жолын жөндеу жұмыстарымен танысты

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге «Шиелі-Тайқоңыр» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аталған жол учаскесі «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес мекемесі «KAP Logistics» серіктестігінің қолдауымен жөндеуден өткізілді. Жобаның басты мақсаты – аудан орталығы мен өндірістік нысандар арасындағы көлік қатынасын жақсарту, ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы көлік қозғалысына жағдай жасау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру.

Ұлттық театрдың 100 жылдығымен құттықтады

Аптада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Нартай Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық академиялық драма театрының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулысы өнер ұжымын Ұлттық театрдың 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, сала өкілдерімен пікірлесті. Театр қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәдениет саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Партиялық бақылау жасалды

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында тұрғындар үшін медициналық ұйымдардың қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ерекше мән берілген.  Осы орайда «AMANAT» партияcы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, комиссия мүшелері облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы базасында ашылған Орталық қалалық емханада болып, осы бағыттағы жұмыстардың орындалуына мониторинг жүргізді.

Зерделеу барысында партиялық бақылау тобы медициналық қызметтің қолжетімділігіне назар аударып, ұжым қызметкерлерінің ұсыныс – пікірлерін де тыңдады. Айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті органдарға жолданатын болады.

«Әлеуметтік әмиян» цифрлық платформасын енгізу бойынша оқу семинары өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында бірнеше мәрте цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екенін атап өтті. Бұл үдерістің ең маңызды буыны – мектеп және мұғалім. Осы орайда Қызылордада «AMANAT» партиясы мен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен «Әлеуеттік әмиян» жобасы аясында облыстық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен ата-аналарға арналған оқу семинары өтті.

Оқу семинарына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, жобаны жүзеге асыру аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

«Таза бейсенбі»: Тарихи орын аумағы қардан тазартылды

«AMANAT» партиясының бастамасымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Қазалы ауданында кезекті рет ұйымдастырылды. Қоғамдық маңызы зор шараға аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия филиалының қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысып, жалпы саны 30-дан астам адам жұмылдырылды.

Акция барысында қатысушылар Әйтеке би кентінде орналасқан Жанқожа батыр кесенесінің аумағын қардан тазартты. Нәтижесінде жарты тоннадан аса қар шығарылып, келушілерге арналған жолдар ашылды.

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға 5 азамат өтінішпен келіп, олардың 3 оң шешімін тапты. 2 мәселе бойынша кеңестер беріліп, өтініштің орындалуы бақылауға алынды.