«Ақ әжелер» өнегесі

339

0

Фото: НЗМ

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қалжан ахун ауылдық клубы жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблімен кездесу өтті.

Шарада ұлттық құндылықтарын дәріптеп жүрген ақ жаулықты апалар халық әндерін шырқап, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді насихаттады. Ұжым мүшелері өскелең ұрпаққа ұршық иіру, құрақ құрау, жүн түту, тоқыма тоқу сынды қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын түсіндіріп, күбі пісу, құрт пен ірімшік жасау, таба нан пісіру әдістерін үйретті. Ғибратты әңгімелер айтып, білім алушыларға үлгі-өнеге көрсетті.

«Абай Құнанбаевты Зере әжесі, Шоқан Уалихановты Айғаным әжесі, Мағжан Жұмабаевты Ақтоқты әжесі тәрбиелеген. Әженің бала тәрбиесіндегі рөлі құнды. Олардың өмірден алған тәжірибесі көп. Әженің берген мейірімі күннен түскен сәуле сияқты. Баланың адамгершілік пен инабаттылық жолына түсуіне әжелер себепкер болады», – дейді педагог-куратор Нұржан Бисенбаев.

Назарбаев зияткерлік мектебі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<