ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТҚАНДАР ЖАЗАСЫН АЛДЫ

32

0

Қарақұйрық – қасиетті аң. Кейінгі жиырма жыл шамасында дала еркесінің саны азайып, құрып кету қаупі төнген соң «Қызыл кітапқа» енгізілген болатын. Алайда, қаскөйлердің теріс әрекеті әлі де тыйылмай тұр.
Өткен жылы «ОХОТЗООПРОМ» Қызыл­­орда аумақтық инспекторлары Ғ.Сат­тыбаев, А.Махан­бет­жанов, Е.Үсен­­баев аумақтық инс­пекциясымен бір­лесіп жүргізген бақы­лау жұмысының нәти­же­сінде Шиелі ауда­ны­ның тұрғындары Ұ.Н.Ә. есімді азаматтар Қосүйеңкі ауылы­ның тау беткейінен қара­құй­рықты оптикалық дәлдігі бар «Веппер» және қос ұңғылы аңшы мылтығымен атып алған жерінен инспекторлар құрығына түсті.
Сот шешімімен олардың әрқайсысына екі жыл алты айға шартты түрде бас бостан­ды­ғы­нан айыру жазасы тағайын­далып, мемлекетке келтірген екі миллион төрт жүз мың теңге шамасындағы залалды мемлекет пайдасына қайтаруға шешім қабылдады. Айғақ заттар ретін­дегі автокөлік пен қару-жарақ тәркіленді.
Бір атап айтарлығы, дала еркесін атушылар жазасыз қалмайды. Мұндай теріс әрекетке заң қатал екенін әрдайым есте сақтаған жөн.
Бахитдин АЯЗОВ,
«ОХОТЗООПРОМ» Қызылорда
аумақтық филиалы
басшысының орынбасары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз