Артық алаңның ауыртпалығы сөз болды

188

0

Бүгін облыстық өңірлік коммуникация қызметінің алаңында аймақ бойынша мемлекеттік органдардың алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары туралы брифинг өтті. Тілшілермен кездескен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев, қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов және Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Омаров атқарылған жұмыстарды айтып берді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  2018  жылғы қазан айындағы №998  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылғы 15 қазанындағы №248 «Мемлекеттік органдардың алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтамауларын анықтау бойынша жұмыстарды бірлесіп жүргізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес облыс, қала, аудандарда арнайы жұмысшы топ құрылып, облыстағы барлығы 403 (оның ішінде орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – 99, жергілікті атқарушы орган – 304) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың орналасқан алаңдарына түгендеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 13799,2 ш.м мемлекттік органдардың алаңдармен қамтамасыз ету нормаларын сақтамауы анықталды.

Оның ішінде, басшылардың кабинеттері алаңының нормативтен асып кетуі – 2592,74 шаршы метр болса, басшылардың демалыс бөлмесінің алаңының  нормативтен асып кетуі – 271,6 шаршы метр, қабылдау бөлмелерінің алаңының нормативтен асып кетуі – 914,9 шаршы метрді құраған. Орынбасарлардың кабинеттері алаңының нормативтен асып кетуі – 1099,5 шаршы метр, қызметкерлердің кабинеттері алаңының нормативтен асып кетуі – 3660 шаршы метр болып отыр.

Сонымен қатар, түгендеу жүргізу барысында  бос пайданылмайтын 4627,26 шаршы метр көлемінде алаң анықталса, анықталған артық және бос пайданылмайтын 2596,23 шаршы метрді құраған.

  Орталық мемлекеттік орган аумақтық бөлімшелері 2019, 5, жергілікті атқарушы орган – 576,73 шаршы метр болатын алаңдар басқа мекемелердің пайдалануына берілуі немеме жеке және заңды тұлғаларға жалға беру мүмкіндігімен оңтайландырылуға жатса, 1263 шаршы метр алаң жалға беру мүмкін емес. Басты себеп – шалғай ауылдық округтерде, жылу жүйесі және су құбыры болмауына байланысты үй-жайларға кәсіпкерлердің қызығушылығы жоқ.

 Айта кету керек, артық пайдаланып отырған және бос тұрған алаңдарды жалға беру кезінде жылына шамамен 10834448 теңгеге дейінгі оң экономикалық нәтиже күтілуде.

Ержан ҚОЖАСОВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<