Қарқынды даму жолындағы Қазақстан

488

0

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан бері бірнеше жыл өтті. Алайда, бұл мерзім тарихи тұрғыдан алып қарағанда көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды.

Тәуелсіз елдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған жетістігін біз өзіміздің өткенімізбен және бүгініміз­бен салыстыра отырып, тәуелсіздіктің жиырма жеті жыл­дық жолын еңсеру бізге оңайға түспегендігін, мұның сарабдал жолында ел тізгінін ұстаған аға буын өкілдерінің даналығы мен көрегендігі жатқандығын айтқанымыз дұрыс.

Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және өр­кенді дамуға серпін беретін реформаларды жедел де тиімді жүргізу үшін және бұл мақсатқа жетуде бірінші кезекте халықтың қолдауына ие болатын қабілетті де күшті тұлғаның қажет болатындығын тарих парақтары дәлелдеген. Сол себепті, Елбасы, Ел тәуелсіздігі, Ел ертеңі ұғымдарын қастерлей де, қолдай да білуіміз керек. Бұл біздің, ұрпақтарымыздың болашағы үшін қажет.

Қазақстанның бекем болашағы мен кемел келешегі ең алдымен Елбасының салиқалы сая­сатының нәтижесі деп білемін. Жыл сайынғы Мемлекет басшысының дәстүрлі халыққа Жол­дауы – еліміздің ертеңгі көрінісін, даму жос­парын айшықтап беретін маңызды жолсілтеме.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосқан Көшбасшы ғана емес, сонымен бірге, әр азаматтың бақуатты өмір сүруіне жағдай жасаған үлкен тұлға.

Өз басым Қазақстанның бола­шағы зор деп сенемін. Аз ғана уақыт ішінде тәуелсіз ел ретінде әлемге та­нылып, қай жағынан алсақ та жыл­дан-жылға қарқынды дамып ке­леді. Оны өз елімізден бөлек өзге елдерде мойындауда. Мәселен; БҰҰ Бас Хатшысының өкілі Хорхе Чедиек өз сөзінде: – ««Қазақстанның даму моделі өзге елдер үшін үлгі бола алады» дегенім құр сөз емес. Өйткені Қазақстан 25 жыл ішінде экономикасын өзгертіп, дамыта алды. Осылайша, ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында. Ел дамуының арқасында тұрғындардың өмір сүру сапасы да арта түсті»,- деп пікір білдірген. 

Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі – адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру мемлекет тарапынан қолдау табуда.

Сәулет Сахиев,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің аға оқытушысы,

саяси ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<