АҚШ-та жүргіншілер көпірі құлап, адамдарды басып қалды

113

0

АҚШ-тағы Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі опырыла құлаған. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше адамның мерт болғаны және жарақат алғандары белгілі болып отыр, деп хабарлайды CNN телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап.
 Құрылыс жұмысының 2019 жылдың басында бітуі жоспарланған. Бұл жаңа көпір Майамидің оңтүстік-батысындағы Халықаралық университет кампусының жанында орналасқан. БАҚ деректері бойынша, жолға құлаған салмағы 950 тонналық көпір құрылымы бірнеше автомобильді басып қалған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.