«Астана» футбол клубына жаңа басшы келді

204

0

«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер штабына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. 
Президенттік «Астана» кәсіпқой спорт клубының шешімімен осы лауазымға қазақстандық белгілі футбол функционері Михаил Ильич Гурман тағайындалды. Михаил Ильич футболшы кезінде Қызылорданың «Орбита», Алматының «Қайрат», Павлодардың «Трактор», Қарағандының «Шахтер», Талдықорғанның «Жетісу» командаларында ойнаған. 
Қазақстан сұрмергендерінің G100-клубына кіреді. Футбол функционері ретінде Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының директоры, Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<